Таяу Шығыстағы жағдайға АҚШ кінәлі – Қытай СІМ

АҚШ Ирак пен Сирияның шекарасында үстемдік ететін топтарға шабуыл жасады

Sarbaz.kz редакторы
06/02/2024 - 17:26

Фото: Артем Иванов / ТАСС

Фото: Артем Иванов / ТАСС

Таяу Шығыстағы жағдайға Вашингтон кінәлі. Бұл туралы Қытай сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ван Вэньбинь мәлімдеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі EurAsia Daily басылымына сілтеме жасап.

«Біз тиісті тараптардың сабырлылық танытуын, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларын ұстануын және одан әрі шиеленісуіне, тіпті жағдайдың бақылаудан шығып кетуіне жол бермеуін талап етеміз», - деді Ван Вэньбинь.

Дипломат Америка Құрама Штаттарының Ирак пен Сирияға жасаған соққыларына қатысты осындай мәлімдеме жасады.

Ван Вэнбин өз сөзінде Бейжің Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына Вашингтон кінәлі деп санайтынын айтты.

Басылымның хабарлауынша, 3 ақпанға қараған түні АҚШ ұшақтары Ирак пен Сирияның бірнеше шекаралас аудандарында үстемдік ететін топтардың позицияларына соққылар жасады. АҚШ орталық қолбасшылығының мәліметі бойынша, 85 нысанаға шабуыл жасалған.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91