Олжас Бектенов Үкімет басшысы болып тағайындалды

Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды

Sarbaz.kz редакторы
06/02/2024 - 15:18

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

ҚР Премьер-Министрі лауазымына Олжас Бектенов тағайындалды. Бұл туралы Sarbaz.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Олжас Бектенов 1980 жылы 13 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келген. 

Білімі:

2001 ж. – Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген, мамандығы – заңгер. 

Еңбек өтілі:

  • 2002-2005 жж. – Алматы қаласы әділет басқармасында бас маман.
  • 2005-2006 жж. – ҚР премьер-министрі кеңсесінде заң бөлімінің бас сарапшысы.  
  • 2006-2009 жж. – ҚР Президенті әкімшілігінде қызмет еткен. 
  • 2009-2012 жж. – ҚР әділет министрлігінің тіркеу және құқықтық алғашқы көмек көрсету қызметі комитеті төрғасының орынбасары.   
  • 2012-2014 жж. –  ҚР экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлық қарсы күрес агенттігі орталық аппаратында департамент басшысы. 
  • 2015-2016 жж. – Астана қаласы әкімінің аппарат басшысы, ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысы хатшылығының меңгерушісі.
  • 2016-2017 жылдары – Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) басшысы.
  • 2017 жылғы шілдеден бастап Ақмола облысы әкімінің орынбасары.
  • 2018 жылғы 1 маусымнан – 2019 жылдың 20 маусымына дейін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының орынбасары.
  • 2019 жылғы 26 маусымнан бастап – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары.
  • 2022 жылғы 25 ақпанда Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасы болып тағайындалды.
  • 2023 жылғы 3 сәуірде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды.
×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91