Бұйрық жобасының толық мәтіні «Электрондық үкімет» порталында жарияланған
Қорғаныс министрлігі ведомство басшысының «Әскери қызметшілерге ондағы қызметі жыл сайынғы негізгі демалысқа қосымша 10 тәулік демалыс беру құқығын беретін жергілікті жерлердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 11 маусымдағы № 333 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығының жобасын дайындады. Бұл туралы Sarbaz.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Өзгерістер ҚР Президентінің Шығыс Қазақстан облысында Үлкен Нарын, Марқакөл аудандарын, Абай облысында Мақаншы, Жаңасемей аудандарын, сондай-ақ Алматы облысында Алатау қаласын құру туралы Жарлықтарының қабылдануына байланысты енгізілуде.
Бұйрық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде биылғы жылдың 20 ақпанына дейін танысуға болады.