Ресей биыл жаңа қару-жарағын экспортқа шығарады

«Ахмат» Z-STS, импорттық «Тайфун-» броньды машинасы бар

Sarbaz.kz редакторы
06/02/2024 - 12:19

Фотода «Клавесин-1RE», Sputnik / Valery Melnikov

Фотода «Клавесин-1RE», Sputnik / Valery Melnikov

Ресей жаңа қару-жарағы мен әскери техникасын 2024 жылы экспортқа шығару үшін рұқсат алады. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі РИА агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

2023 жылы 30-ға жуық әскери өнім үлгісі экспортқа шығару үшін рұқсат алды. Олардың қатарында қазіргі заманғы байланыс құралдары, жаңа оқ-дәрілер, бақылау жүйелері, «Набат» автоматтандырылған ескерту және байланыс құралдарының бірыңғай кешені, броньды машиналар, оның ішінде «Ахмат» Z-STS, импорттық «Тайфун-» броньды машинасы, сол сияқты ұшқышсыз ұшатын аппараттар да бар.

«2024 жылы өндірістік кәсіпорындар жаңа үлгілерге, оның ішінде ұшқышсыз ұшатын техникаларға рұқсат алады деп күтіп отырмыз. Нарық біздің өнімдерге деген жоғары сұранысты көрсетіп отыр», — деді «Рособоронэкспорт» бас директоры Александр Михеев.

Оның айтуынша, Кронштадт қаласындағы халықаралық әскери-теңіз көрмесінде «Клавесин-1RE» автономды су асты кешені көрсетілгеннен кейін шетелдік тұтынушылардың қызығушылығын тудырды. Қазір консультациялар жүргізіліп жатыр.

Соңғы жылдары «Рособоронэкспорт» қару-жарақ экспорты (жылына шамамен 13 миллиард доллар) бойынша дүние жүзінде екінші орында тұр.

Тегтер

×

Редакция

$ 476.27  515.47  5.41