Мемлекет басшысы кандидатураны Мәжілістегі партиялардың фракцияларымен талқылайды
Мемлекет басшысына «Amanat» партиясының атынан премьер-министрдің кандидатурасы ұсынылды. Бұл туралы Sarbaz.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Парламент Мәжілісінің және «Amanat» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов Премьер-Министр қызметіне Олжас Бектеновтің кандидатурасын ұсынды.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Мемлекет басшысы ұсынылған кандидатураны Мәжілістегі партиялардың фракцияларымен жуық арада талқылайды.