Былтыр тұрмыстық зорлық-зомбылықтан 69 әйел адам көз жұмды

Ал балаларға қарсы 2452 қылмыс жасалды

Sarbaz.kz редакторы
05/02/2024 - 17:07

Фото: Almaty.tv

Фото: Almaty.tv

Былтыр елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылық салдарынан 69 әйел адам көз жұмды. Бұл туралы ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева мәлім етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Айта кетейік, бүгін Парламент Мәжілісінде «Кейбір заңнамалық актілерге әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы таныстырылды.

Динара Зәкиева қазір қоғамдағы өзекті мәселенің бірі отбасындағы зорлық-зомбылық және балаларға қарсы жасалған қылмыстар екенін айтты.

«Былтыр тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты 99 мың өтініш түсті. Балаларға қарсы 2452 қылмыс жасалды, тұрмыстағы зорлық-зомбылық салдарынан 69 әйел мен 7 бала қаза тапты», - деді Бала құқықтары жөніндегі уәкіл.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91