Дубайда арнайы жасақ ойындары өтіп жатыр

Жеңімпаз команда 80 мың доллар алады

Sarbaz.kz редакторы
05/02/2024 - 15:58

Фото: mid-east.info

Фото: mid-east.info

Дубайда Әл-Рувай базасында бесінші халықаралық арнайы күштер жарысы – The UAE SWAT Challenge 2024 жарысы өтіп жатыр, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі Russianamirates.com сайтына сілтеме жасап.

Жарыстың бірінші күнінің қорытындысы бойынша «Дубай-В полициясы» командасы үздік атанды. Жауынгерлер шабуыл-құтқару жаттығуларын орындады: есіктерді бұзып, әртүрлі қару-жарақ қолданды және құтқару манекендерін алып жүрді.

Бәсеке 3-7 ақпан аралығында өтеді. Биылғы жарысқа 48 елден 73 команда, оның ішінде бес әйелдер және екі аралас команда қатысты. Бес күндік жарыстың қорытындысы бойынша жеңімпаз команда 80 мың доллар, екінші орын 40 мың доллар, үшінші орын 30 мың доллар алады. Сонымен қатар, әр жарыс күнінің соңында ақшалай сыйлықтар беріледі.

UAE SWAT Challenge арнайы жасақтар арасындағы бейресми әлем чемпионаты болып саналады. Оны «Арнайы жасақ олимпиадасы» деп те атайды. Қатысушылардың физикалық төзімділігі мен тактикалық дайындығы маңызды рөл атқарады.

Бұл жарыстардың негізгі мақсаты – арнайы жасақ бөлімшелерінің бәсекеге қабілеттілігі мен тиімділігін арттыру. Сонымен қатар, әскери қызметкерлер кепілге алынғандарды босату және жаралыларды эвакуациялау жаттығуларын орындайды.

Алғашқы күннің нәтижесі:

  • Полиция Дубай-B. 73 ұпай, 01.00.29
  • Полиция Дубай-А. 72 ұпай, 01.00.44
  • Сұңқар. 71 ұпай. 01.00.58
  • Ахмат. 70 ұпай. 01.00.98
  • ССН А. 69 ұпай. 01.01.49
  • ДСН «Қалкан». 68 ұпай. 01.01.93
  • Сардар. 67 ұпай. 01.02.06
  • Королевская Полиция Таиланда. 66 ұпай. 01.03.36
  • GMIRS. 65 ұпай. 01.05.49
  • CHINA SWAT-A. 64 ұпай. 01.05.52
  • SPECIAL OPERATION UNIT. 63 ұпай. 01.06.73
  • Полиция Абу-Даби-А. 62 ұпай. 01.08.45

Айта кетейік, 2023 жылы жалпы командалық есепте Ресей Федерациясының «Ахмат» командасы жеңімпаз атанды.

Тегтер

×

Редакция

$ 476.27  515.47  5.41