Қазақстанда бір аптада төтенше жағдайдан 400-ден аса адам құтқарылды

112 құтқару қызметіне 128 мыңнан астам қоңырау түсті

Sarbaz.kz редакторы
05/02/2024 - 14:40

Фото: ҚР ТЖМ

Фото: ҚР ТЖМ

Өткен аптада елімізде 189 төтенше жағдай тіркелді. Оның 3-еуі – табиғи сипаттағы, 186-сы – техногендік сипатта. Бұл туралы Sarbaz.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, құтқарушылар ТЖ орнына барлығы 1039 рет шықты. Нәтижесінде, 410 адам (69 бала) құтқарылды, 220 адам (20 бала) эвакуацияланды.

«112 құтқару қызметіне 128 мыңнан астам қоңырау келіп түсті және 104 дауылды ескерту жіберілді», - делінген хабарламада.

Ал өткен тәулікте Қазақстан ТЖМ күштері 142 жедел шығу жасады, оның 65-і – өрттер мен жану оқиғаларына, 77-сі – іздестіру, авариялық-құтқару және басқа да жұмыстарға. Бұл ретте 55 адам құтқарылды және эвакуацияланды.

«ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздік шараларын сақтап, дауыл туралы ескертулерді, ауа-райының өзгеруін, жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды бақылап, алыс сапарларға шықпауға шақырады», - деп жазады министрлік.

Тегтер

×

Редакция

$ 476.27  515.47  5.41