Әскерде заңсыз әрекеттерді болдырмау үшін қандай шаруалар атқарылып жатыр

Берік Асыловтың төрағалығымен Бас прокуратура алқасының отырысы өтті

Sarbaz.kz редакторы
05/02/2024 - 11:12

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

Әскердегі құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында 2022-2024 жылдарға арналған әскердегі құқық бұзушылықтардың алдын алудың үш жылдық бағдарламасы іске асырылып жатыр. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Бас прокуратураға сілтеме жасап хабарлайды.

Әскери инфрақұрылымды дамыту және Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды қайта жарақтандыру кезіндегі заңдылықтың жай-күйі мәселесі бойынша Берік Асыловтың төрағалығымен Бас прокуратура алқасының отырысы өтті.

«Аталмыш бағдарламаны іске асыру нәтижесінде 2023 жылы қылмыстық құқық бұзушылықтардың 4,2%-ға, оның ішінде аса ауыр құқық бұзушылықтардың 30%-ға, ауырлығы орташа – 3,1%-ға, теріс қылықтардың 24%-ға төмендеуіне қол жеткізілді.

Отырыс барысында оқ-дәрілерді сақтау мәселелері, сондай-ақ басқа да өзекті тақырыптар жеке талқыланды.

Сондай-ақ, Бас прокуратураның бастамасымен бірнеше ведомствоаралық жұмыс топтарын құру туралы шешім қабылданып, олар күн сайын әскери инфрақұрылымды жақсартуға және дамытуға, әскерді сапалы қайта жарақтандыруға, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған шараларды іске асыруды сүйемелдейтін болады.

Оның құрамына Бас прокуратураның және Бас әскери прокуратураның, қорғаныс, төтенше жағдайлар, қаржы, өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің, сондай-ақ Ұлттық ұлан мен Шекара қызметінің жауапты өкілдері кіреді», - делінген Бас прокуратура хабарламасында.

Алқа қорытындысы бойынша Бас прокуратура әскери ведомстволардың басшыларына, мүдделі мемлекеттік органдарға әскери саладағы заң бұзушылықтарды болдырмау бойынша пәрменді шаралар қабылдау туралы ұсынымдар берді.

Тегтер

×

Редакция

$ 482.86  533.17  5.08