«17 батальон жойылды»: Нетаньяху ХАМАС-пен соғыс туралы

Израиль қандай жағдайда соғысты тоқтатуы мүмкін?

Sarbaz.kz редакторы
05/02/2024 - 09:47

Фото: Yariv Katz/POOL

Фото: Yariv Katz/POOL

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху ел әскері ХАМАС-тың 24 батальонының 17-сін жойғанын мәлімдеді. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі i24news-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Басылым мәліметінше, Беньямин Нетаньяху Израиль әскери кабинетінің отырысында Газа секторындағы жағдай, сондай-ақ АҚШ-пен дипломатиялық қарым-қатынастар туралы айтты.

«Израиль – егемен мемлекет. Біз соғыс басталғаннан бері Байден әкімшілігі көрсеткен қолдауға ризашылығымызды білдіреміз. Дегенмен біздің көзқарасымызды қарама-қайшылық жоқ деген сөз емес», - деді Израиль премьер-министрі.

Сөзін жалғай отырып, Газа секторында жүріп жатқан қақтығыс туралы да айтып өтті.

«Қалған батальондардың басым көпшілігі Газа секторының оңтүстігінде және Рафахта. Біз олардың да ізіне түсеміз. Екіншіден, батальондар таратылғаннан кейін тазарту операциялары қажет. Себебі, біздің әскери күштер аймақта табандылықпен күресуде. Газа секторының солтүстігі мен орталығында өте агрессивті рейд жүріп жатыр.

Үшіншіден, біздің күштер Хан Юнистегі және Газа секторының барлық бөлігіндегі жерасты туннельдерін залалсыздандыру қажет, ал бұл көп уақытты қажет етеді», - деп жалғастырды Нетаньяху.

Ол Израиль мынадай жоспарын орындамайынша соғыс тоқтамайтынын атап өтті:

  • ХАМАС-ты жою;
  • Тұтқында отырған азаматтарды қайтару;
  • Газа секторы бұдан былай Израильге қауіп төндірмеуі қажет.

Айта кетейік, осыған дейін ХАМАС пен Израиль ымыраға келуі мүмкін екені хабарланған болатын.

×

Редакция

$ 478.93  534.96  5.16