«Тау опырылып кетуі мүмкін»: Майқайыңда құтқару жұмысы жалғаса ма?

Биыл 4 қаңтарда «Майқайыңалтын» кен орнында топырақ опырылып, 4 адам мінген автобус жер астына түсіп кеткен

Sarbaz.kz редакторы
05/02/2024 - 09:02

Фото: ҚР ТЖМ

Фото: ҚР ТЖМ

Павлодар облысындағы «Майқайыңалтын» кен орнында арнайы сканер ойық түбіндегі тау жыныстарының құрылымы өзгергенін әрі жұмсарып бара жатқанын анықтады. Әзірше іздеу-құтқару жұмыстары тұрақты түрде жалғасып жатыр. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Өңірлік төтенше жағдайлар департаменті мәлімдегендей, бүгін мамандар геологиялық радармен ойық түбін кезекті рет сканерлеген.

«Геологиялық сканерден алынған мәліметтерді зерделей келгенде, шұңқыр түбіндегі тау жыныстарының құрылымы өзгеріп, босаңси бастағаны анықталды. Нысанның жанында және астында қуыстар мен бос кеңістіктер бар. Кез келген сәтте тау жыныстары төмен опырылып түсіп кетуі мүмкін. Қазіргі күні ойықтың барлық периметрін тексеріп шығуға арналған комиссия құрылып жатыр. Комиссия тау массасын толықтай барлап, іздестіру жұмыстарын әрі қарай жалғастыру керек пе, жоқ па, соны анықтайды», – деп мәлімдеді төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. 

Бүгін апат орнында экскватор мен мамандар әдеттегідей режімде жұмыс істеді.

Айта кетейік, биыл 4 қаңтарда «Майқайыңалтын» кен орнында топырақ опырылып, 4 адам мінген автобус жер астына түсіп кеткен болатын.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91