Украина 2024 жылы 1 миллион дрон жасап шығармақшы

Украинада оқ-дәрілердің жетіспеуіне байланысты FPV-дрондарын өндіру үшін шағын кәсіпорындардың қуатын пайдалануды жоспарлап отыр

Админ
04/02/2024 - 15:46

Inna Varenytsia/REUTERS

Inna Varenytsia/REUTERS

Украина 2024 жылы 1 миллион FPV-дронын жасап шығармақшы, деп хабарлайды Wall Street Journal газеті.

Газеттің хабарлауынша, оқ-дәрілердің жетіспеуіне байланысты дрондар бүкіл ел бойынша орналасқан шағын кәсіпорындарда шығарылатын болады. Әрқайсысында шамамен 20 адам жұмыс істейтін осындай кәсіпорынның бірі ай сайын шамамен 3000 FPV-дрондарын жасауға қабілетті. Өндірісті айына 10 мың дрондарға дейін ұлғайту жоспарлануда.

2023 жылдың желтоқсанында Украина президенті Владимир Зеленский Киевтің 2024 жылға 1 миллион дрон шығару жоспары туралы айтты. Ол сондай-ақ дрондардың өндірісі мен логистикасындағы бюрократияны жеңуге уәде берген еді.

The Insider 2023 жылдың желтоқсанында жазғандай, дрондар Украинадағы соғыстың шешуші факторына айналды. Украиналық еріктілер гараждарда жинаған FPV-дрондар ең заманауи артиллерияға қарағанда тиімді болды. 

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85