Алматы маңында екі жер сілкінісі тіркелді

Сейсмологтар мұның афтершок екендігіне назар аударды

Админ
04/02/2024 - 11:36

depositphotos.com

depositphotos.com

Ұлттық ғылыми сейсмологиядық бақылау және зерттеу орталығының мамандары Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай тағы бірнеше афтершокты тіркеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Магнитудасы 4.6 және 4.7-ні құраған жер сілкінісі 4 ақпанда сағат 00:02 және 04:15-те болды.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 273 және 280 шақырымда Қытай аумағында жатыр.

Сейсмологтар мұның афтершок екендігіне назар аударды.

Қазақстан аумағында бұл афтершоктардың сезілгендігі туралы дерек жоқ.

Еске сала кетейік, бұған дейін Сейсмикалық станциялар желісі 3 ақпанда Алматы уақыты бойынша 22 сағат 34 минут 42 секундта тағы бір жер сілкінісін тіркеген болатын.

Тегтер

×

Редакция

$ 479.05  534.57  5.17