АҚШ пен Ұлыбритания Йемендегі хуситтердің позицияларына тағы соққы жасады

Соққылар Йемендегі 13 түрлі жерде 36 нысан бойынша жасалды

Админ
04/02/2024 - 09:34

EPA

EPA

Таяу Шығыстағы америкалық әскери операцияларды үйлестіріп отырған АҚШ Орталық қолбасшылығының (CENTCOM) мәліметі бойынша, АҚШ пен Ұлыбритания Йемендегі Иранмен байланысты хуситтердің позицияларына жаңа соққы берді, деп хабарлайды Sarbaz.kz BBC сайтына сілтеме жасап.

Бұған жауап ретінде хуситтер Израильге қарай дрондар мен зымырандарды ұшыра бастады, бірақ олардың көбі атылып түсірілді.

Йеменде АҚШ және Қлыбритания әскері Қызыл теңіздегі круиздік кемелерге қарсы зымырандарды ұшыруға дайындалған 6 хусит зымыран тасығышына соққы берді.

Соққылар Йемендегі 13 түрлі жерде 36 нысан бойынша жасалды.

АҚШ-тың Орталық қолбасшылығы жариялаған мәлімдемеде хуситтер бағыттамақ болған зымырандар АҚШ Әскери-теңіз күштерінің кемелеріне және аймақтағы сауда кемелеріне тікелей қауіп төндіретіні атап өтілді.

Бірлескен операция Аустралия, Бахрейн, Канада, Дания, Нидерланд және Жаңа Зеландияның қолдауымен АҚШ пен Ұлыбритания үкіметтерінің нұсқауымен басталғаны айтылған.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91