Ресейлік «Үйге апарар жол» қозғалысы ұйымдастырған акция барысында 27 адам ұсталды
Ұсталғандардың көбі журналистер, оның ішінде шетелдік басылымдардың қызметкерлері де бар, деп хабарлайды Sarbaz.kz BBC сайтына сілтеме жасап.
ЅОТА жарялаған видеодан Кремль маңындағы Александр бағындағы белгісіз сарбаздың қабіріне «Үйге апарар жол» қозғалысы ұйымдастырған акцияға қатысқан ондаған адамның жиналғанын көруге болады.
Бұл қозғалыстың мақсаты – Ресейдегі мобилизация аясында майданға шақыртылған адамдарды үйге қайтару.
Акция асында жиналғандар гүл шоқтарын ауаға көтеріп тұрды, кейбіреуі гүлдерді белгісіз сарбаздың қабіріне қойып, тағзым етті. Алайда көп ұзамай оларды полиция ұстай бастады.
Нәтижесінде тәртіп сақшылары барлық ер журналисті ұстап әкетті, олардың арасында AFP агенттігі мен Spiegel журналының өкілдері де болды.
Осыдан кейін «Үйге апарар жол» қозғалысының өкілдері президент Владимир Путиннің сайлауалды штабына бармақ болды, алайда полиция ол жақта да ер адамдарды ұстап әкетті.
Туыстарын майданнан қайтаруды талап етіп жүрген қозғалыстың қатысушылары осыған дейін бірнеше рет наразылық акцияларын ұйымдастыруға тырысты. Алайда Ресей билігі бұл митингілерді өткізуге рұқсат бермеді.
Осыдан кейін «Үйге апарар жол» қозғалысының өкілдері апта сайын белгісіз солдаттың қабіріне гүл әкеле бастады.