Украина дрон мен зымыран шабуылдарының астында қалды

Жаппай шабуыл нәтижесінде Кривой Рог қаласы екінші күн қатарынан электр қуатынсыз қалды

Аян Кайырбаев
03/02/2024 - 17:07

Ukrainian Interior Ministry Press Office/AP/dpa/picture alliance

Ukrainian Interior Ministry Press Office/AP/dpa/picture alliance

Украинаға барлығы 14 ұшқышсыз ұшу аппараттары мен екі Х-59 авиациялық зымыран ұшырылды, деп хабарлайды Sarbaz.kz dw.com сайтына сілтеме жасап.

Украина Әуе күштерінің қолбасшылығы Ресей әскері 3 ақпанға қараған түні ел аумағына қарай 14 "Шахед-136/131" ұшқышсыз ұшағын және екі Х-59 авиациялық зымыранын ұшырғанын мәлімдеді. Дрондардың "едәуір бөлігі", 2 ақпанға қараған түні сияқты, Днепропетровск облысындағы энергетикалық инфрақұрылым нысандарына шабуыл жасады.

Украинаның Қарулы Күштері Днепропетровск, Одесса, Николаев және Житомир облыстарында 9 дронды атып түсірді. Алайда зымырандар қағылып түсті ме, жоқ па, айтылмаған.

Днепропетровск облысында Украинаның әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштері 5 дронды атып түсірді, бірақ бірнеше соққылар болды, деп хабарлады аймақ әскери әкімшілігінің басшысы Сергей Лысак.

Кривой Рог қорғаныс кеңесінің басшысы Александр Вилкулдың мәліметінше, Ресей Федерациясының әскері қаланың энергетикалық инфрақұрылымына соққы берді. Оның айтуынша, 7500 абонент жарықсыз қалды. Қалада апаттық өшіру енгізіліп жатыр.

Алдыңғы түнде Ресей әскері Украина аумағына 24 "Шахед" дронын ұшырған болатын. Украина тарапы 11 дронды қағып түсіргенін айтқан еді. Дрондардың бірі "Укрэнерго" электр қосалқы станциясына зақым келтірді, Кривой Рогтағы 40 мыңға жуық абонент, оның ішінде екі шахта жарықсыз қалды.

Ресей Федерациясының әскері Украина аумағына дрондармен күн сайын дерлік соққы береді. Шабуылдардың мақсаты – көбінесе маңызды және энергетикалық инфрақұрылым объектілері.

Айта кетейік, Кривой Рог – маңызды индустриалды орталық және Украина президенті Владимир Зеленскийдің туған қаласы.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85