Әскери қызметшілерге пәтер беру туралы ақпарат енді SMS арқылы келеді

Алматы қаласында Digital Almaty 2024: «Industry X: Болашақтың цифрлық эволюциясы» VI цифрлық форумы өтіп жатыр

Админ
03/02/2024 - 14:00

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Форум ШЫҰ мен ЕАЭС елдерінің мемлекет қайраткерлерін, жетекші сарапшылар мен кәсіпкерлерді біріктірді. Онда GovTech, Индустрия 4.0, ESG, Smart City және т.б. салалардағы өнеркәсіптегі цифрлық трансформация мен инновациялық шешімдер тақырыбын қамтитын ауқымды іскерлік бағдарлама ұсынылған, деп хабарлайды Sarbaz.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Панельдік сессиялардың бірінде Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев сөз сөйледі. Ол қорғаныс ведомствосының мемлекеттік қызметтерін цифрлық форматқа ауыстырудың артықшылықтары туралы айтты. Бүгінде бұл қызмет «электрондық үкімет» порталы және Еgov мобильді қосымшасы арқылы жүзеге асырылады.

Әскерге шақыруға дейінгі жастағы азаматтарды тіркеу рәсімі автоматтандырылды. Енді оларға шақыру учаскесіне тіркелгені туралы куәлік алудың қажеті жоқ. Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, деректерді біріктірудің арқасында жастардың денсаулық жағдайы туралы мәліметтер автоматты түрде ұсынылатын болды. Сондай-ақ ауылда тұратын оқушыларды шалғай елді мекендерден аудан орталығына тасымалдау қажеттілігі де жойылды. Бұл үшін жыл сайын қомақты қаражат жұмсалатын, – деді ол.

Азаматтардың әскери қызметке қатынасы туралы мәліметтер де автоматты режимде  көрсетіледі. Жұмыс беруші бұл ақпаратты Egov порталынан көре алады. Тұрғылықты жерін ауыстырған кезде де есепке қою үшін жергілікті әскери басқару органына жүгінудің қажеті жоқ.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, өткен жылы 700 мыңнан астам студент әскери басқару органдарына ешқандай анықтама жинап, ұсынбай-ақ әскерден кейінге қалдырылған.

Министрліктің ақпараттық жүйесін басқа мемлекеттік органдардың базасымен интеграциялай отырып, әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету рәсімі де автоматты форматқа ауыстырылды. Деректерді оңтайландыру тұрғын үйге мұқтаждарды есепке қою кезінде құжаттар санын 82%-ға қысқартуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар пәтер беру туралы ақпарат та SMS арқылы келіп түседі.

Осыны қорытындылай келе Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев цифрландыру әскери басқару органдары қызметінің тиімділігін арттырып, миллиард теңгеден астам бюджет қаражатын үнемдегенін айтты.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91