БҰҰ: Газа секторында үш айда 22 мың ғимарат жермен-жексен болды

Газадағы ғимарттың үштен бірі қиратылған

Админ
03/02/2024 - 12:30

Naaman Omar/APA Images/ZUMA Press Wire/picture alliance

Naaman Omar/APA Images/ZUMA Press Wire/picture alliance

22 мың ғимарат толығымен қиратылса, 14 мың ғимарат қатты, 33 мыңы шамалы зақымданған, деп хабарлайды Sarbaz.kz dw.com сайтына сілтеме жасап.

Израильдің ХАМАС ұйымына қарсы Газа секторындағы соғысының жалғасып жатқанына 3 айдан асты. 

БҰҰ-ның спутник орталығының (UNOSAT) есебінше, осы уақыт аралығында аймақтағы барлық ғимараттың үштен бірі қирады. Орталық Газаның 6-7 қаңтар аралығында түсірілген спутник суреттерін 2023 жылдың мамыр, қыркүйек, қазан және қараша айларындағы суреттермен салыстырған. 

UNOSAT мәліметі бойынша, Газа секторында 22 мың түрлі ғимарат қираған, тағы 14 мыңы қатты, ал 33 мыңы шамалы зақымданған. Жалпы соқылардан 94 мың пәтер зардап шекті.

Қараша айының соңында ұсынылған алғашқы UNOSAT есебімен салыстырғанда, жаңа қираған ғимараттар Газа мен Хан-Юнис қалаларында тіркелді. 26 қарашадан бері ол жақта 22 мыңға жуық ғимарат не толық, не ішінара қираған.

БҰҰ мәліметі бойынша, Газа секторында өмір сүрген 2,2 миллионға жуық тұрғынның 1,7 миллионы соғыс пен эвакуация салдарынан босқын болып кеткен. Олардың басым бөлігі Газа секторының оңтүстігіндегі Рафах қаласына көшуге мәжбүр болған. 

Тегтер

×

Редакция

$ 476.27  515.47  5.41