Украинадағы ең танымал қайраткерлердің бірі саналатын Залужныйдың қызметтен кетуі әскердің моральдық жағдайына әсер етуі мүмкін
АҚШ-қа президент Владимир Зеленскийдің Украина Қарулы Күштерінің (УҚК) Бас қолбасшысы Валерий Залужныйды жұмыстан шығаруды жоспарлап отырғаныны туралы алдын ала ақпарат жолданды, деп хабарлайды Sarbaz.kz Washington Post сайтына сілтеме жасап.
Ақ үй Украина президентінің таңдау құқығы бар екенін мойындай отырып, мұндай шешімге қолдау да көрсетпеді, қарсылық та білдірмеді.
Басылым атап өткендей, Вашингтонның алдын ала мұндай мәлімет алуы АҚШ-тың Украина үшін ең қуатты әскери әрі саяси жақтаушысы ретіндегі ықпалын көрсетеді.
Украинадағы ең танымал қайраткерлердің бірі саналатын Залужныйдың қызметтен кетуі әскердің моральдық жағдайына әсер етіп, Батыс донорларының сенімін шайқалтуы мүмкін.
Стэнфорд университетінің Шығыс Еуропа бойынша сарапшысы және АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі Стивен Пайфердің айтуынша, Киевтегі биліктің мұндай жағдайы Украинаға пайда әкелмейді, бірақ АҚШ үкіметі оған араласпауы керек.