Бітімгерлерді Голан биіктеріне жеткізу: Үкімет резервінен қаражат бөлу туралы қаулы әзірленді

Қазақстанның тұңғыш дербес бітімгершілік контингентіне әскери қызметкерлер жұмылдырылады

Sarbaz.kz редакторы
02/02/2024 - 17:11

Фото: Қорғаныс министрлігі

Фото: Қорғаныс министрлігі

Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы» ҚР Үкіметі қаулысының жобасын әзірледі. Бұл туралы Sarbaz.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Құжат Мемлекет басшысының тапсырмасын, сондай-ақ ұлттық контингентті Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгерлік миссиясына Голан биіктіктерінің бөлінген аумағын бақылау бойынша әуе тасымалын қамтамасыз ету жөніндегі ҚР Парламентінің қаулысын орындау үшін әзірленді.

Үкімет қаулысы жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында осы жылдың 15 ақпанына дейін Ашық НҚА бөлімінде танысуға болады.

Айта кетейік, жуырда Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Парламент Палаталарының бірлескен отырысында Қазақстанның тұңғыш дербес бітімгершілік контингентіне әскери қызметкерлер жұмылдырылатынын мәлім еткен болатын.

×

Редакция

$ 523.17  550.06  4.93