Израиль Газа секторында буферлік аймақ құруға кірісті

Газадағы соғыстан кем дегенде 150 000 ғимарат қирап қалған

Sarbaz.kz редакторы
02/02/2024 - 17:49

Фото: Ronen Zvulun / Reuters

Фото: Ronen Zvulun / Reuters

Израильдің Газа секторында буферлік аймақ құру жоспары қазірдің өзінде ішінара жүзеге асырылды. Бұл туралы Sarbaz.kz Сауд Арабиясының Al Hadath телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Израиль армиясы Газа секторында буферлік аймақ құрғаны туралы айтудан бас тартты. Дегенмен әскерилер тек Израильдің оңтүстігінде қауіпсіздікті қамтамасыз ететін қорғаныс жоспарын жүзеге асырып жатқанын атап өтті.

Басылым мәліметінше, аты-жөнін атамауды сұраған Израиль үкіметінің шенеунігі өз елінің қарулы күштері «уақытша қауіпсіздік буферлік аймағын» құруға кіріскенін растады. Буферлік аймақ 60 шаршы шақырым жерді алуы мүмкін деген болжам бар.

Спутниктен түсірілген суреттер Газаның оңтүстік бөлігінде біраз ғимарат қиратылғанын көрсетті. Ғимараттар шамамен 6 шаршы шақырым аумақта бульдозермен бұзылған. Сектордың солтүстігіне қарай 4 шақырымнан сәл астам жерде, яғни буферлік аймақ болады деп жоспарланған аймақта ауылшаруашылық алқаптары құнарсыз жерге айналды. Сондай-ақ Газа секторының орталығында, яғни Әл-Мағази босқындар лагерінің маңайы да жермен-жексен болған. Газа қаласының оңтүстік-шығысының да басым бөлігі толық жойылды.

Айта кетейік, Газадағы соғыстан кем дегенде 150 000 ғимарат зақымдалған немесе қираған.

×

Редакция

$ 478.93  534.96  5.16