Бұл соғыс басталғаннан бері батырылған жетінші ресейлік кеме
Украинының басты барлау басқармасы Ресейге тиесілі «Ивановец» зымыран катерін жойып жібергенін мәлімдеді. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Украинаның Басты барлау басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.
Мәліметке сәйкес, жарылғыш заттармен жабдықталған бірнеше экипажсыз катер Ресейге тиесілі кемеге шабуыл жасаған. Шабуыл Қырым түбегінің батыс жағалауындағы Донузлав көлінде болды. Шабуыл нәтижесінде су көлігі толығымен батып кетті.
Айта кетейік, соғыс басталған екі жыл ішінде Украина Ресейге тиесілі жетінші су көлігін жойып жіберді.