«Бізге ұшатын қоқыс керек емес»: Украина Аустралияның техникаларынан бас тартты

Австралия мен Украина арасында өзара түсініспеушілік бар ма? 

Ануар Маратов
02/02/2024 - 16:24

Фото: USAF

Фото: USAF

Киев Аустралияның F-18 Hornet жойғыш ұшақтарынан бас тартты және оларды «ұшатын қоқыс» деп атады. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Australian Financial Review газетіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Айта кетерлік тағы бір мәселе, Аустралия қолданыста болған техникаларын Украинаға бергісі келмейтін сыңай білдірген. Себебі, осыған дейін Аустралия билігі Киевтің өтінішіне қарамастан MRH90 Taipan тікұшақтарын Украинаға жіберудің орнына, оларды жою туралы шешім қабылдағаны хабарланған еді.

Осыған ұқсас проблемалардың салдарынан екі ел арасындағы қарым-қатынас шиеленісе бастады. Аталмыш басылымның хабарлауынша, өзге елдерден айырмашылығы, Аустралия Киевтегі елшілігін қайта ашудан бас тартып, елдер арасындағы тікелей байланыстарды қысқартты.

Осындай қиындықтардан кейін Киев АҚШ пен Батыс Еуропа үкіметтерімен F-16 жойғыштарын алу туралы келіссөздерді бастады.

Ұшақтарды беру туралы ұсынысқа Украина әскери-әуе күштерінің аға офицері Аустралия құтылғысы келетін қоқыс деп атады.

Дегенмен қазіргі уақытта ұшықтар туралы келіссөздер әлі де жалғасуы мүмкін. Сол сияқты M1 Abrams танктері немесе Eurocopter Tiger шабуыл тікұшақтары Украинаға берілуі мүмкін. Аустралия әскерінде қазір 59 Abrams танкісі және 22  Eurocopter Tiger шабуыл тікұшақтары бар.

Лоуи институтының мәліметіне сәйкес, Аустралия әскери шығындар бойынша Азияда жетінші орында тұр. Ал елдің премьер-министрі Энтони Албанезе Аустралия НАТО-дан тыс Украинаның ең ірі әскери донорларының бірі екенін айтты.

Тегтер

×

Редакция

$ 474.83  515.38  5.5