Иран Сириядағы әскерін қысқартты

Мұндай шешім Израильдің шабуылдарынан кейін қабылданды

Ануар Маратов
02/02/2024 - 16:59

Фото: Reuters

Фото: Reuters

Иранның сақшылар корпусы Израильдің соққыларынан кейін Сириядағы офицерлер санын қысқартты, деп Sarbaz.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Иран Сирияда өз ықпалын сақтау үшін одақтас шиіт күштеріне көбірек сенім артады, деп жазады басылым.

Желтоқсан айынан бастап Израиль Сирия мен Ливандағы нысандар мен нақты азаматтарына қарсы соққыларды күшейтті. Израиль соққыларынан генерал Сайед Реза Мусави, «Аль-Кудс» барлау қолбасшысы бригадалық генерал Хадж Садик және оның орынбасары, сондай-ақ корпустың бірқатар офицері қаза тапты.

Тегерандағы қатал саясатты жақтаушылар кек алуды талап етеді. Басылымның хабарлауынша, Иранның офицерлерін Сириядан шығару туралы шешімі оның Таяу Шығыста жанжалға тікелей араласқысы келмеуіне байланысты болуы мүмкін.

 

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91