Елімізде өткен тәулікте 60-тан аса адам өрттен құтқарылды

234 адам құтқарылды және эвакуацияланды

Sarbaz.kz редакторы
02/02/2024 - 11:21

Фото: ҚР ТЖМ

Фото: ҚР ТЖМ

Төтенше жағдайлар министрлігі өткен тәулікте қанша адам қауіптен құтқарылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Ведомствоның мәліметінше, өткен тәулікте Қазақстан ТЖМ күштері 160 жедел шығу жасады, оның 62-сі – өрттер мен жану оқиғаларына, 98-і – іздестіру, авариялық-құтқару және басқа да жұмыстарға.

«Бұл ретте 234 адам құтқарылды және эвакуацияланды.

ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздік шараларын сақтап, дауыл туралы ескертулерді, ауа-райының өзгеруін, жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды бақылап, алыс сапарларға шықпауға шақырады», - делінген хабарламада.

×

Редакция

$ 485.11  523.82  5.02