Санкциялар АҚШ қаржы жүйесін қолдануға тыйым салады
АҚШ зорлық-зомбылыққа қатысы бар деген айыппен төрт израильдікке санкция салды. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Ақ үйге сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл АҚШ-тың Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың саясатына наразылығының артып келе жатқанын білдіреді.
Ақ үйдің мәліметінше, АҚШ-қа қоныстанбақ болған израильдіктер зорлық-зомбылыққа, сондай-ақ палестиналық отбасыларға тиесілі мүліктерді жою немесе басып алу әрекеттеріне қатысқан.
Оларға АҚШ-тың қаржы жүйесін пайдалануға және ел азаматтарының олармен жұмыс істеуіне тыйым салынған.
Айта кетейік, желтоқсан айында Ұлыбритания үкіметі Израильден келгендерге осыған ұқсас санкциялар енгізген болатын.