Құтқарушылар қазақстандықтарға ескерту жасады
Елімізде өткен тәулікте төтенше жағдайдан 150-ден аса адам құтқарылды. Бұл туралы Sarbaz.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Министрліктің хабарлауынша, өткен тәулікте Қазақстан ТЖМ күштері 153 жедел шығу жасады, оның 69-ы өрттер мен жану оқиғаларына, 84-і іздестіру, авариялық-құтқару және басқа да жұмыстарға.
«Бұл ретте 158 адам құтқарылды және эвакуацияланды.
ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздік шараларын сақтап, дауыл туралы ескертулерді, ауа-райының өзгеруін, жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды бақылап, алыс сапарларға шықпауға шақырады», - делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.