Қытай Тайваньға жақын жерде әскери жаттығу өткізді

Бұл жаттығу Тайвань тәуелсіздігін жақтайтындарға және сыртқы күштерге ескерту ретінде жасалды

Ануар Маратов
02/02/2024 - 16:42

Фото: eng.chinamil.com.cn

Фото: eng.chinamil.com.cn

Қытайдың халық-азаттық армиясы оңтүстік-шығыс жағалауында зымыран жаттығуларын өткізді, деп Sarbaz.kz тілшісі Global Times-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Жақында ҚХР әскери-теңіз күштері Қытайдың шығысындағы Фуцзянь провинциясының жағалауында кемеге қарсы зымырандардың кешенді жаттығуларын өткізді, деп хабарлады Қытайдың Орталық теледидары (CCTV). Сарапшылардың айтуынша бұл жаттығу Тайвань тәуелсіздігін жақтайтындарға және сыртқы күштерге ескерту ретінде жасалды.

Жаттығу барысында жедел әрекет ету дағдыларын дамыту мақсатында бірқатар сценарий, оның ішінде электр қуатының үзілуі және жаудың әуе соққылары сияқты жағдайлар қарастырылды. Сол сияқты YJ-62 кемеге қарсы зымыран кешендері сынақтан өтті.

YJ-62 кешені – бұл америкалық «Гарпун» зымырандарымен салыстыруға болатын қуатты және аса жылдам ұшатын кемеге қарсы зымыран.

Тегтер

×

Редакция

$ 480.55  533.75  5.36