Дмитрий Песков: Ресей НАТО-ның оқу-жаттығуын қауіп ретінде қабылдайды

НАТО Steadfast Defender 2024 деп аталатын ең ірі оқу-жаттығуын өткізіп жатыр

Sarbaz.kz редакторы
31/01/2024 - 22:58

Фото: wp-s.ru

Фото: wp-s.ru

Ресей президентінің баспасөз қызметкері Дмитрий Песков Ресей НАТО-ның Steadfast Defender оқу-жаттығуын қауіп ретінде қабылдайтынын мәлім етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

«Біздің түсінігімізде НАТО – текетірес құралы. Альянс, шын мәнінде, ойластырылған, қалыптасқан, конфигурацияланған. Қазіргі уақытта АҚШ-тың қарсыласу құралы ретінде басқарылады. Бұл құрал өз рөлін жалғастыруда, әрине, бұл бізге қауіп төндіреді. Сол себепті қауіп ретінде қабылдаймыз. Біздің көзқарасымыз осындай», - деді Дмитрий Песков.

Оның айтуынша Мәскеу НАТО-ның жаттығулар аясында тиісті шаралар қабылдауда.

Айта кетейік, осығаг НАТО Steadfast Defender 2024 («Тұрақты қорғаушы-2024») деп аталатын ең ірі оқу-жаттығуын өткізіп жатқаны хабарланған. Оған 90 мыңға жуық әскери қызметкер жұмылдырылады.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85