НАТО ең ірі жаттығуын өткізіп жатыр

Жаттығуларға 90 000-ға жуық әскери қатысады 

Ануар Маратов
31/01/2024 - 21:32

Фото: SCANPIX/AFP/WOJTEK RADWANSKI

Фото: SCANPIX/AFP/WOJTEK RADWANSKI

НАТО Steadfast Defender 2024 («Тұрақты қорғаушы-2024») деп аталатын ең ірі оқу-жаттығуын өткізіп жатыр. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Пентагонға сілтеме жасап хабарлайды. 

Жаттығу төрт айға, 2024 жылдың 31 мамырына дейін созылып, Норвегиядан Румынияға дейінгі аралықты қамтиды. Жаттығуға НАТО-ның 31 мүшесі мен Швеция қатысады. Сол сияқты түрлі мақсаттағы 50 кеме, 80 ұшу аппараты, 1100-ден астам брондалған техника және 90 мыңға жуық әскери қызметкер жұмылдырылады. Жаттығуға Ұлыбританияның 20 мың, Польшаның 15 мың, Германияның 10 мың және Нидерландтың 5 мың әскери қызметкері қатысады.

Steadfast Defender 2024 – НАТО-ның ең ірі оқу-жаттығуы. Ал 1988 жылы өткен Reforger 88 жаттығуларына альянстың 130 мыңға жуық сарбазы қатысқан.

«Ресей көршілес Украинаға шабуыл жасап, Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Еуропадағы ең үлкен соғысты бастады. Ресей Украинаға алғаш рет 2014 жылы басып кіргеннен бері НАТО континенттегі қорғанысты күшейтті. «Steadfast Defender» жаттығулары Ресейдің әрекеттеріне қарсы қорғаныс жоспарын қамтиды», – деп Пентагонның ақпарат қызметі мәлімдеді. 

Steadfast Defender 2024 жаттығулары аясында Бундесвер Quadriga 2024 жаттығуларын жүргізеді, ал Польша Dragon 24 әскери жаттығуларын өткізеді. 

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91