Тұрғын үйдегі жарылыс: 11 отбасы уақытша баспанаға көшірілді

Қарағанды облысында тұрғын үйде газ жарылып, екі адам қаза тапқан

Sarbaz.kz редакторы
31/01/2024 - 20:21

Фото: Қарағанды облысының әкімдігі

Фото: Қарағанды облысының әкімдігі

Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданының әкімі кеше газ баллоны жарылған үйдің тұрғындарына уақытша баспана берілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

«12 отбасының ішінде бір отбасы туыстарымен тұруды таңдап, уақытша баспанадан бас тартты. Бүгін олардың үй-жайларын тексердім. Күні бойы әкімдік қызметкерлері еріктілермен бірлесіп жеке заттарды тасымалдауды ұйымдастыруға көмектесті. Отбасыларға қажетті көмек пен кеңес беру бойынша мемлекеттік мекемелердің басшылары бекітілді», — деп жазды аудан әкімі Абылай Сұлтанғали Instagram парақшасында.

Ал өңірлік денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккендердің жағдайы туралы мәлімдеді.

«Баланың жағдайы орташа, тұрақты, бөлімшеге ауыстыруды жоспарлап отыр. Екі ересек адамның жағдайы ауыр, реанимацияда қалады. Оларға қажетті медициналық көмек толықтай көрсетіледі», - делінген басқарма хабарламасында.

Айта кетейік, кеше Қарағанды облысында тұрғын үйде газ жарылып, екі адам қаза тапқан болатын.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91