Қазақстанда бір тәулікте 75 өрт болды

25 адам құтқарылды

Sarbaz.kz редакторы
31/01/2024 - 18:26

Фото: ҚР ТЖМ

Фото: ҚР ТЖМ

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі елімізде бір тәулікте қанша өрт болғанын мәлім етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Өткен тәулікте Қазақстан ТЖМ күштері 153 жедел шығу жасады, оның 75-і өрттер мен жану оқиғаларына, 78-і іздестіру, авариялық-құтқару және басқа да жұмыстарға.

Бұл ретте 25 адам құтқарылды және эвакуацияланды.

ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздік шараларын сақтап, дауыл туралы ескертулерді, ауа-райының өзгеруін, жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды бақылап, алыс сапарларға шықпауға шақырады.

Тегтер

×

Редакция

$ 476.27  515.47  5.41