АҚШ былтыр 80 млрд долларға әскери техника сатты

Бұл көрсеткіш 2022 жылмен салыстырғанда 55%-ға көп

Ануар Маратов
31/01/2024 - 23:26
87

Фото: Reuters

Фото: Reuters

Өткен жылы АҚШ-тың қорғаныс компаниялары шетелдік әскери сату бағдарламасы бойынша басқа елдерге 80,9 миллиард долларға қару-жарақ жеткізді. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 55 пайызға артық, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі BreakingDefence-ке сілтеме жасап. 

Мәліметті АҚШ-тың мемлекеттік департаменті жариялады. Бір жыл бұрын, яғни 2022 қаржы жылында шетелге қару-жарақ сатылымы 51,9 миллиард долларды құраған.

Бұл 81 миллиард долларға мыналар кіреді: одақтас және серіктес елдер қаржыландыратын қару-жарақ сатылымы үшін 62,3 миллиард доллар, шетелдік әскери қаржыландыру бағдарламасының келісімшарты бойынша 4 миллиард доллар, сол сияқты минадан тазарту және терроризмге қарсы күрес сияқты жобаларды қамтитын бағдарламалар бойынша 14,7 миллиард доллар.

«Қару-жарақты беру және қорғаныс саудасы АҚШ-тың сыртқы саясатының маңызды құралдары болып саналады. Олар аймақтық және жаһандық қауіпсіздікке ұзақ мерзімді әсер етуі мүмкін», - деп жазды мемлекеттік департамент.

Бұған қоса, қорғаныс компаниялары арқылы қару-жарақты тікелей сату да бар. Осы есепке сәйкес, өткен жылы АҚШ 157,5 миллиард долларлық тікелей сатылымды мақұлдады. Бұл 2022 қаржы жылымен салыстырғанда 2,5 пайызға артық.

 

×

Редакция

$ 443.85  474.3  4.8