Алматыда жер сілкінісі: ТЖМ жедел ақпарат таратты

Зардап шеккендер жоқ

Sarbaz.kz редакторы
31/01/2024 - 17:17

Фото: Шаварев, Orda.kz

Фото: Шаварев, Orda.kz

Төтенше жағдайлар министрлігі Алматыдағы сейсмикалық жағдай бойынша жедел ақпарат таратты, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен өткен тәулікте 2024 жылғы 30 қаңтарда Қытай аумағында 6 жер сілкінісі тіркелді, оның 1-еуі Қазақстан аумағында 04 сағатт 27 мин 36 сек сезілді.

«Эпиорталығы  Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 293 км жерде Қытай аумағында орналасқан. Сезілетіндігі туралы мәліметтер (МЅК-64 шкаласы бойынша): Алматы қ. 2 балл. Зардап шеккендер мен қиратулар туралы ақпарат болған жоқ.

Жағдай тұрақты. ТЖМ азаматтарға сабыр сақтап, дүрбелеңге берілмеуге кеңес береді», - делінген ведомство хабарламасында.

Айта кетейік, 23 қаңтарға қараған түні Алматыда жер сілкінісі болып, ол еліміздің үш қаласы мен 5 облысында сезілген. Зілзала салдарынан 44 адам зардап шеккен болатын.

Тегтер

×

Редакция

$ 481.84  531.33  5.07