Ал Израиль бұл ұсыныстан үзілді-кесілді бас тартты
Газа секторында үстемдік құрып отырған палестиналық ХАМАС қозғалысына Газа секторында бітімгершілік туралы ұсыныс жасалды. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі РИА агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Израиль, АҚШ, Египет және Катар Газа секторындағы кепілге алынған адамдарды кезең-кезеңімен босату туралы жаңа келісімді талқылады. Онда әйелдер мен балалардан бастап, өзге де кепілге алынған америкалықтарды және израильдіктерді кезең-кезеңімен босату және қақтығысты тоқтату қарастырылған. Сонымен қатар, Газа секторына гуманитарлық көмек жеткізу және Израиль түрмелеріндегі палестиналық тұтқындарды босату көзделеді.
Дегенмен ХАМАС соғыс толығымен тоқтаған жағдайда ғана келіссөздер жасауға болатынын мәлімдеді. Ал Израиль бұл ұсыныстан үзілді-кесілді бас тартты.
Айта кетейік, ХАМАС пен Израиль арасындағы соғыс оты өткен жылдың 7 қазаны күні күрт өршіген болатын.