Қазақстан Үкіметі мен БҰҰ арасында меморандум бекітіледі

Ұлттық контингентті жіберу туралы шешім ҚР Парламенті Палаталарының бірлескен отырысында қабылданды

Sarbaz.kz редакторы
30/01/2024 - 21:29

Фото: РИА Новости

Фото: РИА Новости

Қорғаныс министрлігі «БҰҰ-ның бөлуді бақылау жөніндегі күштеріне (UNDOF) ресурсты ұсынатын Қазақстан Республикасының Үкіметі және Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою туралы» Үкімет қаулысының жобасын дайындады. Бұл туралы Sarbaz.kz қорғаныс ведомствосының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл Меморандум Қазақстан Республикасының Ұлттық контингентін БҰҰ-ның Голан биіктіктеріндегі бітімгерлік миссиясына жіберудің әкімшілік, логистикалық және қаржылық жағдайларын нақтылайды.

Ұлттық контингентті жіберу туралы шешім биылғы жылдың 19 қаңтарында ҚР Парламенті Палаталарының бірлескен отырысында қабылданды.

БҰҰ миссияларына қатысу Қазақстанның Қарулы Күштеріне әскерлердің жауынгерлік дағдыларын жетілдіру үшін қажетті тәжірибе алуға мүмкіндік береді.           

Үкімет қаулысы жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында осы жылдың 12 ақпанына дейін «Ашық НҚА» бөлімінде мына https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14912412 сілтеме бойынша таныса аласыздар.

Айта кетейік, Таяу Шығыстағы миссия барысында бітімгерлер қаза болса қанша төлемақы берілетіні айтылды.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85