Бітімгерлік миссия: Қазақстан Таяу Шығысқа қандай техникалар апарады?

Бітімгерлік миссиясына қанша қаражат жұмсалады?

Sarbaz.kz редакторы
30/01/2024 - 18:57

Фото: Қорғаныс министрлігі

Фото: Қорғаныс министрлігі

Қорғаныс министрлігі Қазақстанның тұңғыш дербес бітімгерлік контингенті сапында Таяу Шығыстың Голан жотасына қандай әскери техника апарылатынын мәлім етті. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Контингент техникасының саны – 26 дана. Оның ішінде 15 дана «Арлан» жауынгерлік дөңгелекті көліктері, 4 дана «Камаз» әскери-тасымалдау көлігі, 6 дана өтімділігі жоғары «Тойота Пикап» көлігі, 1 шағын автобус (тек контингенттің орналасу лагерінде қолданылады)», - делінген Kazinform агенттігіне берілген жауапта.

Осыған дейін Голан жотасына бітімгерлік контингент жолдау бюджетке қанша салмақ түсіретіні айтылған.

«Аталған сома – Қазақстан бітімгершілік контингентін Қазақстан аумағынан БҰҰ-ның Голан биіктіктеріндегі миссиясына тасымалдау үшін бөлінетін қаражат. Осы тасымалдауды ұйымдастыруға қатысты әртүрлі мүмкіндіктерді ескере отырып (компанияның ұсынатын қызметтері, қолданатын ұшақтың түрлері, шығатын әуежайдың орналасуы) 8 млн АҚШ долларына дейінгі қаражат болады. Келіссөздер жүргізіліп жатыр, сома нақтыланады. Бұл сома толығымен тасымалдауға жұмсалатын болады», - деп жазылған министрлік мәліметінде.

Айта кетейік, Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Парламент Палаталарының бірлескен отырысында Қазақстанның тұңғыш дербес бітімгершілік контингентіне әскери қызметкерлер жұмылдырылатынын мәлім еткен болатын.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91