Олар екі жыл әскери қызметке шақырылды
Елімізде запастағы 752 офицер Үкімет қаулысы бойынша 24 ай мерзімге әскери қызметке шақырылды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.
«Осы қаулыға қосымшаға сәйкес санда офицерлер құрамының лауазымдарында әскери қызмет өткеру үшін әскери қызметке жарамды және оны өткермеген запастағы офицерлер заңнамада белгіленген тәртіппен 2024 жылы жиырма төрт ай мерзімге әскери қызметке шақырылсын.
Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі», - делінген Үкімет басшысының қаулысында.