Қарағанды облысындағы жарылыс: бір адамның жағдайы өте ауыр

Оқиға 30 қаңтарға қараған түні болған

Sarbaz.kz редакторы
30/01/2024 - 16:53

Фото: instagram/ablaisultangali

Фото: instagram/ablaisultangali

Қарағанды ​​облысында тұрғын үйлердің бірінде болған жарылыстан екі адам қаза тауып, тағы бірнеше адам зардап шекті. Ауруханаға жатқызылғандардың бірінің жағдайы өте ауыр, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға орнынан облыстағы медициналық мекемелерге бес адам жатқызылды, оның үшеуі – бала.

«Екі бала амбулаторлық емдеуге шығарылды, бір бала облыстық балалар клиникалық ауруханасына қанағаттанарлық жағдайда жеткізілді. Екі ересек науқастың бірінің жағдайы өте ауыр, денесінің 80 пайызын күйік шалған. Екінші зардап шегушінің жағдайы қанағаттанарлық. Науқастарға барлық қажетті медициналық көмек көрсетілген», - деп хабарлады Қарағанды ​​облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Айта кетейік, оқиға 30 қаңтарға қараған түні сағат 00:07-де Бұқар жырау ауданы, Ботақара кентінде болған.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91