Оқушылар уланудан сақтандыратын құрылғы ойлап тапты

Қауіптің алдын алатын жаңа құрылғыға төтенше жағдай мамандары да қызығушылық танытып отыр

Sarbaz.kz редакторы
30/01/2024 - 16:03

Фото: Кейіпкерлердің архивінен

Фото: Кейіпкерлердің архивінен

Түркістан облысында оқушылар уланудан сақтандыратын құрылғы ойлап тапты. Қауіптің алдын алатын жаңа құрылғыға төтенше жағдай мамандары да қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Леңгір қаласындағы №1 мектеп-гимназияның 7-сынып оқушылары Әнуар Ерсат пен Сералы Әлғани газ бен түтіннің улануынан сақтандыратын құрылғы ойлап тапты.

Кішкене ғана қорапша үйдің ішін улы газ немесе түтін басса арнайы дыбыс шығырады. Тіпті, телефонға СМС-хабарлама жолдайды. Әсіресе, бұл балаларын үйде жалғыз қалдырып, жұмысқа кететін ата-аналар үшін таптырмас дүние болмақ. Себебі, қауіпсіздік хабарламасы арқылы газ бен түтіннен келер қайғылы жағдайдың алдын алуға болады, деп жазады Kazinform.

Жас өнертапқыштардың тың жобаны қолға алуына информатика пәнінің мұғалімі Салтанат Ұятбаева көмектесіп, жетекшілік жасаған. Қазір қос жасөспірімнің «Газ бен түтіннен уланудан сақтандыратын құрылғы» жобасы оқушылардың зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарына арналған республикалық «Зерде» конкурсының облыстық кезеңінде робототехника секциясы бойынша І орынды жеңіп алды. Енді алдағы уақытта республикалық кезеңде сарапқа салынады.

«Қазіргі кез – цифрлы технология заманы. Аталған технология мүмкіндіктерін адам игілігіне пайдалана отырып, газ бен түтіннен улану оқиғаларын болдырмау керек. Осы мақсатта біз газдан, түтіннен уланудан сақтандыратын құрылғы жасадық. Қауіптің алдын алатын жаңа құрылғыға төтенше жағдай мамандары да қызығушылық танытты. Олар бұл құрылғыны газдың сыртқа кетуін анықтауда, өрт сөндіру жүйелерінде, яғни адамдар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде пайдаланған тиімді, деген пікір білдірді», - дейді Ерсат пен Әлғани.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91