Алматыда қаңтар оқиғасында ұрланған қару-жарақ табылды

«Калашников», тапаншалар мен мылтықтар, т.б.

Sarbaz.kz редакторы
30/01/2024 - 15:41

Фото: ҰҚК

Фото: ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласында қару арсеналы жасырылған орынды анықтады. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

«Калашников» автоматтарын, тапаншалар мен мылтықтарды қоса алғанда 30 бірлік қару-жарақ, сондай-ақ 5 граната, 10 түтіндету құтысы және әртүрлі калибрдегі 221 патрон алынды.

Алдын ала деректер бойынша, табылған қару «қаңтар оқиғалары» кезінде ұрланған.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Тегтер

×

Редакция

$ 487.24  529.34  5.02