Жерасты дүмпуі Астана уақыты бойынша сағат 04:27-де тіркелді
Қазақстандық сейсмологтар өткен түнде Алматыдан 293 шақырым жерде жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.
Жерасты дүмпуі Астана уақыты бойынша сағат 04:27-де тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 293 шақырым жерде Қытай аумағында болған.
Сондай-ақ Қытайда түнде және таңертең тағы бірнеше дүмпу тіркелді (соңғысы Астана уақытымен 7.44-те болды), Қазақстанда олар сезілген жоқ.