Қарағанды облысында тұрғын үйде газ жарылып, екі адам қаза тапты

Үй 2014 жылы салынған, оның жалпы ауданы – 510 шаршы метр

Sarbaz.kz редакторы
30/01/2024 - 15:23

Фото: instagram/ablaisultangali

Фото: instagram/ablaisultangali

Қарағанды ​​облысының Ботақара кентінде тұрмыстық газдың жарылуы салдарынан құлаған үй қирандыcының астынан екі адамның мәйіті шығарылды. Оқиғадан 5 адам зардап шекті, оның үшеуі – бала, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Оқиға 30 қаңтарға қараған түні сағат 00:07-де Бұқар жырау ауданы, Ботақара кентіндегі Әуезов, 8а мекенжайы бойынша екі қабатты, екі кіреберісі бар 12 пәтерлі тұрғын үйдің екінші қабатында орналасқан №10 пәтерде жарылыс болды. Одан кейін пәтердің шатыры, қабырғалары мен жабындылары толық опырылып түсті.

Сондай-ақ бірінші қабатта орналасқан жалпы ауданы 300 шаршы метр №7 пәтерге де қатты зақым тиді, оның қабырғалары да құлаған.

Үй 2014 жылы салынған. Оның жалпы ауданы – 510 шаршы метр. Сондай-ақ төтенше жағдай кезінде бірінші қабаттағы № 5, 6, 8, екінші қабаттағы № 11, 12 пәтерлер жарым-жартылай зақымданған. Үйде барлығы 46 адам тұрады, жарылыс кезінде үйде 35 адам болған.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91