«Құтқарушылар автобустың дөңгелегіне жетті»: әкім Майқайыңдағы апат туралы

Осыған дейін қаза тапқандардың туыстарына қандай көмек көрсетілетіні хабарланған

Sarbaz.kz редакторы
29/01/2024 - 23:57

Фото: Павлодар облыстық ТЖД

Фото: Павлодар облыстық ТЖД

Павлодар облысында алтын кенішіндегі ойық түбін қазып жатқан құтқарушылар автобустың дөңгелегіне жетті. Бұл туралы өңі әкімі Асайын Байханов Telegram каналында мәлім етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Айтуынша 4 қаңтардан бастап «Майқайың-алтын» АҚ кеніш аумағындағы опырылған жерде іздестіру жұмысы тоқтаусыз жүріп жатыр.

«Шұңқырдың түбіндегі шағын эксковатормен қатар гидравликалық балғасы бар екінші қосымша экскаватор жұмыс істеуде. Оның көмегімен үлкен тастар ұсақталып жатыр. Қазір оқиға орнында жүрмін. Бүгін құтқарушылар автобустың дөңгелегіне жетті. Қазіргі уақытта бұл шұңқырға құлаған автобустың ең үлкен бөлігі. Іздестіру жұмысы жалғасуда», - деп жазды өңір әкімі.

Айта кетейік, 4 қаңтар күні жұмысы тоқтатылған «Майқайың-алтын» шахтасының маңында автобус жер астына құлап кеткен. Екі адамның мәйіті табылды. Өзге адамдар іздестіріліп жатыр.

Осыған дейін қаза тапқандардың туыстарына қандай көмек көрсетілетіні хабарланған.

Тегтер

×

Редакция

$ 479.23  534.96  5.16