Қазақстанның 2024 жылы Қорғаныс бюджетіне 1,1 трлн теңге бөлінеді
Қазақстанның қорғаныс бюджеті 2024 жылы 972 миллиард теңгені құрайды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.
Осылайша, еліміздің Қорғаныс министрлігінің бюджеті 2020 жылдан бастап, оның ішінде әскери-өнеркәсіптік кешенді сатып алу мен дамытуды, әскери білім мен медицинаны қоса алғанда, тұрақты түрде өсіп келеді.
Өткен жылдардың тиісті заңнамаларына сәйкес, Қазақстан қорғаныс үшін:
2024 жылы Қорғаныс бюджетіне 1,1 трлн теңге немесе 2,6 млрд доллар бөлініп отыр.
The Military Balance 2023 жылғы журналы Қазақстан әскері туралы мынадай деректер жариялады:
Өзбекстанның қорғаныс бюджетін нақты есептеу мүмкін емес. Себебі, қорғаныс шығыны мемлекеттік бюджеттің «басқа ұйымдар» бөліміне енгізілген, онда басқа құрылымдардың шығынымен бірге көрсетілген. Ал «Юксалиш» ұлттық қозғалысының мәліметтері бойынша 2022 жылы Өзбекстанның қорғаныс бюджеті 1,4 миллиард АҚШ долларын құрады.
Аталған қозғалыстың деректері бойынша, Өзбекстан әскерінде 70 000 адам қызмет етеді. Құрлық әскері құрамында 420 танк, 140 дана әр түрлі артиллерия және өзге де 1215 әсери техника бар. Әуе күштерінде 164 ұшақ және 89 тікұшақ бар.
Ал Қырғызстанның қорғаныс шығыны 2021 жылы 600 миллион АҚШ долларын құрады.
The Military Balance 2023 жылғы әскери журналына сәйкес Қырғызстан қарулы күштерінде 8500 адам қызмет етеді. Құрлық әскерінде 150 танк және 414 өзге техника, 228 артиллерия бар.