Алдағы екі жылда әскери жиындарға қанша адам шақырылатыны белгілі болды

Жиындарға шақырылатындардың негізгі бөлігі – мерзімді әскери қызметтен өткендер

Sarbaz.kz редакторы
29/01/2024 - 22:11

Фото: egemen.kz

Фото: egemen.kz

Қорғаныс министрлігі 2025-2026 жылдары әскери жындарға неше адам шақырылатынын айтты, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

«2025 және 2026 жылы әскери жиындарға биылғыдай 3 мыңнан астам адам шақыру жоспарланып отыр», - делінген министрліктің Kazinform агенттігіне берген жауабында.

Ал шекарада борышын өтейтін мерзімді әскери қызмет сарбаздарының санын Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі белгілейтіні айтылған.

«Қорғаныс министрінің бұйрығымен борышын өтеуге міндетті азаматтарды, запастағы әскерилерді әскери жиындарға шақыру көзделген. Ол жиындарға шақырылатындардың негізгі бөлігі мерзімді әскери қызметтен өткендер. Қорғаныс министрлігі әскери борышын өтеуге міндеттілермен шекарада әскери жиындар өткізбейді», - деп жазылған министрлік мәліметінде.

×

Редакция

$ 490.84  536.88  5.04