267 адам эвакуацияланды
Өткен аптада елімізде 220 төтенше жағдай тіркелді. Оның 5-еуі – табиғи сипатта, 215-і – техногендік сипатта. Бұл туралы Sarbaz.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Министрліктің мәліметінше, құтқарушылар ТЖ орнына барлығы 1033 рет шықты. Нәтижесінде, 151 адам (52 бала) құтқарылып, 267 адам (60 бала) эвакуацияланды.
«112 құтқару қызметіне 143 мыңнан астам қоңырау келіп түсті және 76 дауылды ескерту жіберілді», - делінген хабарламада.