Атырауда жеңіл көлік Жайық өзеніне түсіп кетті: жүргізушісі көз жұмды

Оқиға жексенбі күні болған

Sarbaz.kz редакторы
29/01/2024 - 15:41

Фото: Атырау әкімдігі

Фото: Атырау әкімдігі

Атырауда жеңіл көлік Жайық өзеніне түсіп кетіп, жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Атырау қалалық әкімдігі таратқан хабарламаға сәйкес, оқиға 28 қаңтар күні болған.

«Бүгін жергілікті уақытпен 13:08 шамасында Атырау қаласының маңындағы Көкарна ауылының тұсында Жайық өзенінің мұзы ойылып, жеңіл көлік түсіп кетті. Көліктегі жолаушыларды құтқару үшін жедел құтқару жасағынан 4 құтқарушы, 1 техника жұмылдырылды. Оқиға орнында 1992 жылғы жүргізуші көз жұмды. Ал 2006 жылғы жолаушы облыстық ауруханаға жеткізілді», – делінген әкімдік таратқан хабарламада.

Қала әкімдігі тұрғындар мен қонақтарға мұздан өту кезінде қауіпсіздікке мән беру қажеттігін айтып өтті.

«Мұз үстімен жүргенде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Өзен жағасында қойылған арнайы белгіні назарға алған жөн. Су айдынының рұқсат етілмеген тұсынан өтпеу қажеттігін ескеру керек», – деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85