Батыс елдері БҰҰ-ның палестиналық босқындар агенттігін қаржыландыруды тоқтатты

Себебі оның қызметкерлері ХАМАС шабуылына қатысты деп айыпталды

Админ
28/01/2024 - 15:37

Thomas Imo/photothek/picture alliance

Thomas Imo/photothek/picture alliance

ХАМАС-тың Израильге шабуылына қатысты тергеу аяқталғанға дейін Германия БҰҰ-ның палестиналық босқындарға көмектесу агенттігіне қаражат жібермейді, деп хабарлайды Sarbaz.kz dw.com сайтына сілтеме жасап. 

Германия АҚШ, Ұлыбритания және тағы бірнеше ел Біріккен Ұлттар ұйымының Таяу Шығыстағы палестиналық босқындарға көмектесу және жұмыстарды ұйымдастыру агенттігін (UNRWA) қаржыландыруды уақытша тоқтатады. 

Шара агенттік қызметкерлерінің 2023 жылғы 7 қазанда ХАМАС террористік ұйымының Израиль мемлекетіне жаппай шабуыл жасаудағы рөліне қатысты тергеу аяқталғанға дейін күшінде болады.

Бұған дейін АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Австралия, Финляндия және Италия UNRWA ұйымын қаржыландыруды тоқтату туралы шешім қабылдады. Бұл қадамға UNRWA-ның 12 қызметкері ХАМАС-тың Израильге шабуылына қатысуы мүмкін екендігі туралы дәлелдер себеп болды.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91