Приозерск қаласында әскерилер оқушыларға қызмет жолы туралы әңгімелеп берді

Оқушыларға әскери саланың қыр-сыры туралы мәлімет берілді

Sarbaz.kz редакторы
26/01/2024 - 22:59

Фото: Думан Құрманғалиев

Фото: Думан Құрманғалиев

60601 әскери бөлім психлологы аға лейтенант Нұржан Ерланұлы Бахтияров пен бөлім сержанты 2 сыныпты сержант Мұрат Биімбетовтің қатысуымен Приозерск қаласының №2 ЖББ орта мектебінің «Жас сарбаз» сыныбы, 10-11-сынып оқушыларымен және Приозерск қаласының №1 ЖББ орта мектебінің 10-11-сынып оқушыларымен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері жоғарғы әскери оқу орындары мен әскери колледждері бойынша үгіт-насихат жұмыстары өткізілді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Үгіт-насихат жұмысы барысында оқушыларға Қарулы Күштердің офицерлері мен сержанттарын дайындап шығаратын жоғарғы және орта білімді әскери институттары мен колледждері жайында, аталған оқу орындарына оқуға қалай түсуге болатыны және талаптары туралы мағлұматтар беріліп өтті.

Аға лейтенант Нұржан Бақтияров жоғарғы әскери институттардың қабырғаларында офицерлердің дайындауы бойынша мағлұмат берсе, 2-сыныпты сержант Мұрат Бимбетов Қарулы Күштеріміздің әскери колледждерінің оқыту талаптарын тізбектеп берді.

Аталған әскери қызметшілер оқушыларға мысалдар келтіріп, өздерінің қызмет жолдары бойынша қысқаша ақпарат беріп өтті.

Үгіт-насихат жұмысының соңында оқушылар қосымша сұрақтарын қойды, сол сияқты ақпарат қағаздары таратылды.

Тегтер

×

Редакция

$ 476.27  515.47  5.41